Алматы түбінде жантүршігерлік жол апатынан екі жаяу жүргінші қаза болды
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші де сол жерде қаза болды
Алматы-Қонаев тасжолында екі көліктің соқтығысуы салдарынан екі жаяу жүргінші қаза тапты, - деп хабарлайды newsroom.kz
Алматы облысының Полиция департаменті мәліметінше, BMW көлігін тізгіндеген 20 жастағы қыз жаяу жүргіншіні қағып, Mercedes көлігіне соқтығысқан. Mercedes инерциямен тағы бір жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші де сол жерде қаза болды. BMW жүргізушісі дене жарақатын алып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Оқиға дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды және оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.