Алиса мен Сири неге еркек емес? Қазақстандық белсенділер мәселе көтерді

Калифорнияда отырған IT қызметкерлері осы қателікті жіберді

Фото: Айгерім Құсайынқызы. Видеодан кадр: "Kozqaras podcast" YouTube жобасы

"Kozqaras podcast" YouTube жобасында қонақ болған феминист Айгерім Құсайынқызы әйелдің ақысы төленбейтін үйдегі жұмысы тақырыбы аясында сөз қозғады,-деп хабарлайды newsroom.kz

"Өзіңізге сұрақ қойыңыз, мен бүгін тегін тамақ жасадым.Өйткені мен әйелмін менің міндетім емес, сіздің сол тамақ жасауға жіберген екі сағатыңыз болмаса, сіз не істей алатын едіңіз? Сіз сол екі сағатты өзіңізге жұмсайтын едіңіз-деді зерттеуші.  

Сондай-ақ Айгерім Құсайынқызы Алиса мобильді қосымшасы жайында айтты.

"-Алисаның дауысы неге әйел? Сиридің дауысы неге әйел? Себебі: әйел қызметші деген оймен сонау Калифорнияда отырған IT қызметкерлері осы қателікті жіберді.

Неге Алиса неге Алексей емес? Себебі біздің санамызда отыр. "Алиса мына бейнебаянды қосшы, әйел ғой менің айтқанымды орындасын"-  деген осындай көзқарастар өзгеруі керек. Неге әйелдер ғасырлар бойы ер адамдарға тегін қызмет етіп келді? Егер біз есептейтін болсақ әйелдердің еңбегіне конпенсация төлеңдер деп, әлемдегі 250 мемлекеттің бюджеті жетпейді"-деді Айгерім Құсайынқызы. 

Жүктелуде...