Париж Олимпиада-2024: бүгін қай спортшыларымыз бақ сынамақ
Оқ ату спортынан ерлер арасындағы жекелей сында Ислам Сәтбаев сынға түседі
Бүгін Олимпиада ойындарының бесінші күнінде ел намысын сегіз спортшы қорғайды,-деп хабарлайды newsroom.kz
Оқ ату спортынан ерлер арасындағы жекелей сында Ислам Сәтбаев пен Константин Малиновский бақ сынаса, бокстан ерлер арасындағы 57 келі салмақта Махмұт Сабырхан және 75 келіде әйелдер арасында Валентина Хальзова Олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Екатерина Шабалина триатлон, Ислам Сәтбаев нысана көздеуден, Мария Дмитриенко стенд ату, Милад Карими спорттық гимнастикадан бақ сынайды.
Сондай-ақ, үстел теннисінен Кирилл Герасименко 1/8 финалда бақ сынайды.