Әбибаның жеңілісінен кейін партия төрағасы ұйықтай алмай шығыпты
Бұл тектіліктің белгісі
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Ходжаназаров Париж Олимпиадасында шаршы алаңға шыққан спортшы Әбиба Әбужақынова жайында жүрек жарды лебізін білдірді. Айдарбек Ходжаназаров бұл туралы өз Instagram желісінде жариялады,-деп хабарлайды newsroom.kz
"-Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл тектіліктің белгісі. Бұл үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Қанеки, жалғастырайық, Қазақтың Жігіттері! " -деп жазды Айдарбек Ходжаназаров.