Айдың 13-не сәйкес келетін жұма неге қауіпті?

13 Наурыз, 2020 120 0

13, жұма: Бұл күні қандай оқиғалар болған? 13 саны ежелгі заманнан-ақ, бақытсыз болып саналған.

Өйткені, жұма, 13-і күні Адам тыйым салынған алманы жеп, мұның салдары адамзат үшін ауыр болған.

1307 жылы 13 қазанда, жұма күні Филипп IV француз патшасының бұйрығымен тамплиерлер орденінің тас-талқаны шығарылып, оның мүшелері өлім жазасына кесілген. 

1907 жылы 13-желтоқсанда британиялық "Томас Лоусон" кемесі опат болған. 1972 жылы 13-қазанда Мәскеуде Ил-62 жолаушылар ұшағы жерге құлап, 174 адам қаза болған. Бұл әлемдегі ең үлкен әуе апаттарының бірі. 

2012 жылы 13-қаңтарда ішінде 4200 адам болған Costa Concordia лайнері апатқа ұшырады. Қайғылы оқиғадан 40 адам қайтыс болған. 1988 жылы 13-мамырда Jerusalem компьютерлік вирусының эпидемиясы басталды. 

13, жұма: Бұл күні не істеуге болмайды, қандай тыйымдар бар?

 Бұл күнді дәрігерлер, әсіресе хирургтар аса ұнатпайды. Олар осы күні ота жасауды жоспарламайды. Сондай-ақ, бұл күн бірқатар маңызды істер үшін сәтсіз деп есептеледі. Мәселен, қаржылық операциялар, саяхат, үйлену тойын бұл уақытқа жоспарламаған жөн. Бұл күні:

 - Қатты қажет болмаса алыс сапарға шығудың 

- Жол апаты көп болатындықтан, рөлге отырудың

 - Үй немесе бақша өсімдіктерін отырғызудың 

- Тырнақ алып, шашыңызды бояудың 

- Жаңа жұмыс іздеп немесе жұмыс берушімен әңгімелесудің

 - Ауыр медициналық процедуралар жасаудың

 - Үйлену тойын белгілеудің 

- Маңызды келісімдер жасап, қарыз алып, қарыз берудің 

- Жұмыстан шыққан сәтте артқа қараудың 

- Алкогольді сусындары бар көңілді кеш ұйымдастырудың қажеті жоқ. 

13-күні жұмаға түссе көңіліңізді көтеріп, жаман ойлардан аулақ болыңыз. Жағымсыз энергиядан арылсаңыз күніңіз мерекелі де берекелі де болмақ.


                                                                                                                                                                           Дереккөз: oinet.kz


Тегтер: Жұма13, 13наурыз, тыйымдар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.