Жаңалықтар

Бітік тастың білгірі, белгілі түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы дүниеден өтті

Режиссер Әсемғазы Капанұлының "Күлтегін" фильмі идеясының авторы

2024 жылы 27 шілдеде саналы ғұмырын көшпелілер тарихы мен руханиятына, түркінің бітік жазуына арнаған белгілі түркітанушы ғалым, жазушы Қаржаубай Сартқожаұлы 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Зиялы қауым өкілдері әлеуметтік желіде қаралы хабармен бөлісіп, ғалымның туған-туыстарына көңіл айтып жатыр. 

Қаржаубай Сартқожаұлы 1947 жылы 21 наурызда Моңғолияның Баянөлгей өлкесінде дүниеге келген.

Тарих ғылымының кандидаты, профессор, 2010 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығының директоры.

"Қош бол, апа!", "Қыранның қазасы", "Сәйгүліктер" атты көркем прозалық кітаптардың, 250-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. "Бір автобустағылар" (1986) атты кітабы моңғол тілінде жарық көрген. "Этнокультурный связь древно-тюркского-уйгурского каганата" (Алматы, 1988), "Объединенный каганат тюрков (Астана, 2001) атты ғылыми кітаптары жарыққа шыққан.  30-ға жуық ғылыми мақалалары орыс, француз, ағылшын, моңғол, қазақ, қытай тілдерінде ғылыми басылымдарда жарияланды.

Өзінің саналы ғұмырын түркология ғылымына арнап, байырғы түрік тілі, оның мәтіндерін аударып, тілдің тарихи толық түсініктемелерін жасады.

Режиссер Әсемғазы Капанұлының "Күлтегін" фильмі идеясының авторы.

Марқұмның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтамыз.