Жаңалықтар

Сүйінші! Париж Олимпиадасындағы алғашқы жүлде Қазақстан қоржынына түсті

Шешуі сайыстардан кейін аренада марапаттау рәсімі өтті

Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына Ислам Сәтбаев  және Сәтбаев университетінің 3 курс студенті Александра Ле қатысып,Олимпида ойындарының қола жүлдегері атанды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Жобаларды басқару институтында Бизнес инжиниринг мамандығы бойынша білім алып жүрген Александра оқ атудан қазақстандық ұлттық құрама құрамында. 

Париж Олимпиадасындағы алғашқы жүлде Қазақстан қоржынына түсті.  Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Олимпида ойындарының қола жүлдегері атанды.
 
Ислам Сәтпаев пен Александра Ле пневноматикалық винтовкамен оқ ату бәсекесінде Германия құрамасын жеңді.

Шешуі сайыстардан кейін аренада марапаттау рәсімі өтті. Бұл 1996 жылдан бері Қазақстан қоржынына алғаш рет түскен олимиадалық жүлде болып отыр.