Париж Олимпиадасы: Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар кімдер?

Жарысты еліміздің телеарналарынан көрсетеді

Фото: Telegram/ Qazaqstan.tv

Алғашқылардың бірі болып сағат 11:55-те академиялық ескек есудің іріктеу кезеңінде Владислав Яковлев бақ сынайды. Жарысты «Qazsport» телеарнасы көрсетеді,-деп хабарлайды newsroom.kz

13:55-те дзюдошылар Елдос Сметов (60 келі) пен Абиба Абужақынова (48 келі) сынға түседі. Бұл жарысты «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Оқ ату спортының іріктеу кезеңінде Ирина Юнусметова мен Никита Чирюкин жарыс жолына шықса, теннистен жекелей сында Александр Бублик пен Юлия Путинцева Олимпиада ойындарындағы қарсыластарымен алғашқы кездесулерін өткізеді. Жарысты «Хабар» телеарнасы көрсетеді.

Үстел теннисінен ұлттық құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко өнер көрсетсе, велошосседен Алексей Луценко бақ сынайды. Сондай-ақ бокстан 63,5 келі салмақта Мұхамедсабыр Базарбайұлы шаршы алаңға шығады. Бұл жарысты «Jibek joly» телеарнасы көрсетеді.

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз! 

 

Жүктелуде...