Түркістанда кәсіподақ жұмысы талқыланды
«Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК-ның Төлеби аудандық филиалында бүгінде 112 қызметкер жұмыс атқарады
Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлері кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясында, Түркістан облысы ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК Төлеби аудандық филиалына барып, бастауыш кәсіподақ ұйымының қал-жағдайымен танысты,-деп хабарлайды newsroom.kz
Жиын барысында қатысушылар ағымдағы жылдағы салалық кәсіподақтың қызметін, сондай-ақ жұмыс берушілер мен қызметкерлердің құқығын қорғауда бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстарын, мекемедегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша мәселелері көтеріліп, аталған бағыттағы жұмыстар талқыланды.
Кездесу соңы марапаттау миссиясымен жалғасып, онда бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Назипа Намазоваға көп жылдық еселі еңбегі мен кәсіподақ қозғалысына қосқан үлесі үшін Түркістан облысы маслихатының Құрмет грамотасы табысталды.
Айта кетерлігі, «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК-ның Төлеби аудандық филиалында бүгінде 112 қызметкер жұмыс атқарады. Олардың барлығы – 100% кәсіподақ мүшелері.