Жетісу облысында әуедегі дельтаплан көлге құлаған
Аман қалған ер мен әйел адам ауруханаға жеткізілді
Жетісу облысында Алакөл төбесінен ұшып бара жатқан дельтаплан көлге құлап, екі адам ауруханаға жеткізілді,-деп хабарлайды newsroom.kz
Алакөл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары дельтапланмен ұшып бара жатып суға құлаған 2 адамды құтқарды.
Аман қалған ер мен әйел адам ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандар жоқ.
Азаматтық авиация комитеті Алакөлге құлаған дельтапланға қатысты мәлімдеме жасады.
"Бүгін 25 шілде кешкі 17:15 кезінде Жетісу облысы Алакөл ауданы Ақши ауылында дельтаплан көлге апаттық жағдайда қонды. Екі адам зардап шекті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп жатыр" деп хабарлады комитеттен.
Министрлік сондай-ақ осы авиациялық апат бойынша тергеу жүргізілетінін хабарлады.