Психологиялық тест: Қай орындықты таңдайсыз?

12 Наурыз, 2020 578 0

Суреттегі орындықтардың бірін таңдаңыз. Сіз бұл арқылы өзіңіздің қандай тұлға екеніңізге көз жеткізесіз. 

1. Табуретка

Cіз өте қарапайым адамсыз. Ақкөңіл, apі біреуге жаныңыз ашығыш. Сіздің өмірлік миссияңыз-әлемге және адамдарға жылулық пен жайлылық сыйлау. Cізге көбі қиын жағдайда көмек сүрап келетінін байқаған шығарсыз. Өйткені сіз адамдарға "жоқ" дей алмайсыз. Олардың сізді пайдаланып кететінін біле тұра бетін қайтару сіздің қолыңыздан келе бермейді.

 2. Кресло  

Егер таныстарыңыздан сізді қандай адам деп сұраса бәрі бір ауыздан "батыл, әрі көңілді", -деп жауап береді. Cіз барлық істің тек жақсы жағын көресіз. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүру сізге тән емес. Өз жақындарыңызды қорғауға қашан да дайынсыз. Әділетсіздікті көрсеңіз шыдап тұра алмайсыз. 

3. Орындық  

Cіздің ерік-жігеpіңізге қызыға қарайтындар көп. Тек өзіңізді емес, басқаларды да жігерлендіріп жүресіз. Көпшілікті артыңыздан ерте аласыз. Қай жағдайда да адам сіз үшін бірінші орында. Жаман адамның да бойынан бір жақсылықты көре білетін қасиетіңіз бар.

 4. Тербелмелі кресло

  Сіз қазір тұлға ретінде даму үстіндесіз. Тек алға бет алып отырсыз. Осы жолда түрлі қиындықтар кездесуі мүмкін, сізге оларды жеңу керек. Сол кезде шыңдала түсесіз. Cіздің жұмсақ мінезіңізге осы жетіспейді. Өйткені сіз тым аккөңіл және біреудің ығына жығылғышсыз. Сондықтан сізге сәл қатаңдық керек. 



Дереккөз: Oinet.kz

Тегтер: Орындық, психологиялықтест

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.