Жаңалықтар

Нұрлан имам қара жамылып жүретіндерге ескерту жасады

Құдайға деген сенім-тақуалығымыз көзіне дейін тұмшалаумен өлшенбейді

Нұрлан имамның айтуынша, қара жамылу біздің дінімізде де, салтымызда да болмаған көрінеді,-деп хабарлайды newsroom.kz

“Біздің ұлтымызға, санымызға, салтымызға, дәстүрімізге, үрдісімізге қарсы болған қара жамылу, бетіне дейін қара жабу, қара киім киіну, көзінің тілігін ғана қалдырып, қалған жерін қара қылып киіну біздің еліміздің өткеніне де, келешегімізге де сыймаған дәстүр екенін білуіміз керек. Құдайға деген сенім-тақуалығымыз көзіне дейін тұмшалаумен өлшенбейді. Отбасына дұрыс тәрбие беріп, адал жар болып, қолынан келгенше қызметте болып, Отанына адал болу нағыз құдайға берілгендікті білдіреді. Сол үшін біз осыны нәрсемен мемлекетіміз болып, зиялы қауым, жастар болып, қарсы тұруымыз керек. Өйткені бетін жабу не шариғаттың бұйрығы емес, не ата- бабамыздың дәстүрі емес. Ал енді қара киімге келетін болсақ, жалпы біздің салтымызда қара жамылу қайғының, уайымның, мұңның, зардың іспетін білдіреді", — деді ол.

Сонымен қатар имам ұлттық аспаптарды харам деп жүргендерге де жауап берді.

"Менен үнемі сұрайды домбыра мен гитара харам ба?" деп. Үйде домбыра тұрса домбыра, гитара тұрса гитара тұрады. Екеуі қатар тұрса ансамбль болады. Екеуі де қасқайып тұра берсін. Онда тұрған ештеңе жоқ. Домбырадан басқа дүниелерді реттейік. Олар – біздің салтымыз. Нағыз қазақ домбыра. Сондықтан да әр шаңырақтағы балалар домбыра тартып үйренсін. Әр пернесінде қазақтың зары мен мұңы бар. Ата-бабамыз домбыраның үнін аңсап өткен, сол үшін әр қазақ үшін домбыра қастерлі", – деп жауап берді имам.