Әлем

Непалда Saurya Air ұшағы апатқа ұшырап, 18 адам қаза тапқан

Сынақ үшін ұшқан рейсте Saurya Airline компаниясының 17 техникалық қызметкері болған

Бортында 19 жолаушысы бар Saurya Air ұшағы Катманду әуежайында апатқа ұшырады. Әуе компаниясының мәліметінше, ұшақ құлаған жерден 18 адамның мәйіті табылды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы  BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сынақ үшін ұшқан рейсте Saurya Airline компаниясының 17 техникалық қызметкері мен екі экипаж мүшесі болған.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 11:00 шамасында ұшу-қону жолағынан көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады. Ол Похараға ұшуы керек еді.

Ғаламторда жарияланған видеодан ұшақтың өрт пен түтінге оранғанын көруге болады. Оқиға орнынан өрт сөндіру машиналары мен жедел жәрдем көліктері жіберілді.

Құтқару қызметі 37 жастағы кеме капитанын қирандылар арасынан шығарып, ауруханаға жөнелтті.