Жаңалықтар

Синоптиктер Астана мен тағы 4 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Астана мен Қазақстанның тағы төрт қаласының тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Астана мен Қазақстанның тағы төрт қаласының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды newsroom.kz

"2024 жылғы 24 шілдеде Өскемен, Семей, Риддер, Астанада, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.