Алматыда дәстүрлі ән кеші өтті

12 Наурыз, 2020 192 0

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші - Нұржан Жанпейісов Алматыда жеке концертін берді. 

Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық  "Отырар сазы" оркестрінің сүйемелдеуімен өткен концерт "Әнді сүйсең, менше сүй" деп аталыпты. Қазақстанның халық әртісі - Дәнеш Рақышевтың төл шәкірті ұстаз жолынан жаңылмай, ән кешінде халықтың сүйікті әндерін орындап, көрерменді тәнті етті. Нұржан Жанпейісовтың өнер мен өмірде үзеңгілес достары, әріптестері мен шәкірттері де өнер көрсеткен шығармашылық кеш Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының үлкен залында өтті. 

Нұржан Жанпейісов  - ғасырлар бойы атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақтың әншілік өнерінің табиғи қалпын бұзбай, ән өнерінің өрнегін сақтап орындайтын санаулы өнерпаздарымыздың бірі де бірегейі. Әсет Найманбаевтан жалғасқан мәнері өзгеше ғажайып әншілік мектептің желісін үзбей кейінгі ұрпаққа жалғаған, қазақтың бұлбұл әншісі атанған . 

Әнші қазір Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінде Дәнеш Рақышұлының арнайы әншілік класын ашып, шәкірт тәрбиелелеп, келешек жас буынға қасиетті өнерді дарытуда.

Тегтер: НұржанЖанпейісов, ДәнешРақышұлы, Жетісуәнмектебә, дәстүрліөнер, концерт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.