Сүйінші! Көшпенділер ойындары халықаралық форумның бір бөлшегіне айналды
Дала мәдениеті көшпенділер дәстүрінің негізі екенін біледі
Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешен саласындағыең ауқымды көрме өтіп жатыр. 18 шілде күні Қазақстанның АӨК-дегі ең ауқымды және көптен күткен іс-шаралардың бірі - «Jańa Dala / Green Day 2024» мамандандырылған халықаралық көрмесі-демонстрациясы басталады,-деп хабарлайды newsroom.kz
Дәстүрлі «Дала күні» форматында өтіп жатқан көрме іс-шарасында туризм және спорт бағыттары да тыс қалмады. Іс-шараның ресми бөліміне Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысты.
Дала мәдениеті көшпенділер дәстүрінің негізі екенін біледі. Осындай месседжді 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары да қолдады. Өз кезегінде, ойындарға жауапты Дирекция «Jańa Dala / Green Day 2024» аясында агрофорумда экспозициялық көрме ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуымен Наиль Нуров басшылық ететін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция мамандары екі күндік форумда агроөнеркәсіп кешені мамандарын Ойындармен таныстырып, жылдың маңызды бәсекесінде бірге болуға шақырды.
Іс-шара Ақмола облысының Ақкөл ауданында, Еңбек ауылында, өңірдің ең технологиялық жабдықталған шаруашылықтарының бірі – «Еңбек» ЖШС демонстрациялық алаңдарында өтеді.
Айта кетерлігі, алқап күні форматындағы дәстүрлі агрофорум 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Республикадағы қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы технологияларының, жоғары өнімді техниканың, сондай-ақ аграрлық өндіріс пен агротуризм саласындағы инновациялық әзірлемелердің ең ірі демонстрациялық алаңы болып табылады.
Еске сала кетейік, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам қатысушы қатысады деп жоспарлануда. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.