Ақмола облысында 15 жасар қыз өзіне қол жұмсады
Қайғылы жағдай 19 шілдеде Ақкөл ауданында болған
Полиция өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша іс қозғады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 19 шілдеде Ақкөл ауданында болған.
«Қазіргі кезде 2009 жылғы жасөспірім қыздың өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Тергеу барысында полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтайды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», - деді ведомстводан.