Ақтауда тұрғындарды 1 миллиард теңгеге алдаған 2 алаяқ сотталды
Алаяқтардың қылмыстық әрекетінен 39 адам зардап шекті
Ақтауда тұрғындарды 1 миллиард теңгеге алдаған 2 алаяқ сотталды. Олар қала аумағынан қымбат жылжымайтын мүліктерді жалға алып, оны арзан бағада жарнамалаған,-деп хабарлайды newsroom.kz
Сенімді болу үшін сатып алушыларды сол пәтерлерге қоныстандырып, ақша алған. Алайда пәтерлер біреудің меншігі екені кейін белгілі болды.
Алаяқтардың қылмыстық әрекетінен 39 адам зардап шекті. Оларға келтірген залал 1 миллиард теңгеге бағаланады. Сот үкімімен алаяқтар 9 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды.