Қылмыс

"Жеңіске жете ме екен?"Дана Атешованы кімдер қорғамақ?

Адвокат қазір тараптар істің барысымен танысып жатқанын, Қылмыстық кодекстің 109-бабы (Ұрып-соғу) бойынша сотқа жіберілетінін мәлімдеді

Бишімбаев ісі арқылы танылған адвокаттар Дана Әтешованың мүддесін тегін қорғайды. Бұл туралы Әтешованың Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында белгілі болды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Марат Әйтенов Дана Әтешова мен балаларын күшпен үйден шығарып жібергені қоғамда резонанс тудырғаннан кейін істі елге танымал адвокаттар қолға алғаны белгілі. Олар ақы сұрамай, тергеу процесіне белсене араласып кеткен. 

"Жанна Оразбахова, Дамир Ишмаметов, Әлия Омарова секілді адвокаттар бұл іске тегін кірісті. Көп рақмет айтқым келеді", - деді Дана Әтешова.

Марат Әйтеновке қарсы істе Дананың мүддесін қорғап жатқан адвокаттардың бірі Дамир Ишмаметов қазіргі жағдай туралы айтты.

Адвокат қазір тараптар істің барысымен танысып жатқанын, Қылмыстық кодекстің 109-бабы (Ұрып-соғу) бойынша сотқа жіберілетінін мәлімдеді.

"Әріптестерімізбен Дананың мүддесін ( pro bono - қайырымдылық, қоғамдық және өзге де коммерциялық емес ұйымдарға өтеусіз негізде кәсіби көмек көрсету) ақысыз негізде қорғаймыз. Балалар әкесінің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккенін көргенде бей-жай қарай алмадық. Дана қазір заңға сәйкес некеде тұрған кездегі мүлікті бөліскісі келеді", - деді Дамир Ишмаметов.

Соңында бұл жолы сот отырысында жеңіске жете ме екен?!