"Елде кризистік жағдай орын алатыны алдын-ала болжанған" – экономист

12 Наурыз, 2020 236 0

Коронавирус тек медицинаны  емес, әлем экономикасын да қауқарсыз күйге түсіруде.  Мамандар осылай деп дабыл қағуда.

Қытайда өндіріс өнеркәсібі тоқтаса, айналасындағы елдерге де экономиканың салқыны тимей қоймады. Қазақстан да бұл тізімнен шет емес. Өйткені, мұнай экспортындағы басты сатып алушымыз осы ел.

Экономист Қасымхан Қаппаровтың айтуынша, осыған байланысты елде кризистік жағдай орын алатыны алдын-ала болжанған. Бұл – таңғалатын жаңалық емес.

«Тек Қазақстан емес, әлемнің мұнай өндіруші ірі мемлекеттері де Қытай нарығына тәуелді екенін ескергеніміз жөн. Десе де, жағдайдың отандық нарыққа қаншалықты зиянын тигізетінін нақты ашып айта алмаймыз. Бұл уақыттың еншісінде. Елде девальвация орнауынан халық жапа шеге қоймайды деп сенеміз. Өйткені, Қазақстан экономикасы кейінгі он жылдың көлемімен салыстырғанда тұралап қалған жоқ. Азық-түлік, тауар бағасында аздаған өзгеріс байқалуы мүмкін. Жағдай кері кетіп жатса, Ұлттық қордағы қаражатқа қол салуға мәжбүрміз»,- дейді ол. 

Аспан асты елін инфекция жайлағалы өндіріс көлемі де әлсіреген. Сәйкесінше, өнім саны артып, әлемдік нарықтағы мұнай бағасының түсіуіне алып келеді. Қытай жуық арада өз экономикасын реттеу арқылы, әлемдік нарықты да қалыпқа келтіреді деген болжам бар. Дегенмен, 55 долларға шақталып құрылған ел экономикасы үшін осы аздаған уақыттың да әсері айтарлықтай. Мәселен, мұнай бағасы 2 айдан аса 40 доллардан көтерілмесе жағдай расымен мүшкіл.  Бұған Қытай шекарасының жабылуына байланыты, азық-түлік пен тауар бағасының күрт қымбаттауын да есепке алсаңыз, елде девальвация болатыны анық. Бірақ мамандар қарапайым халық одан жапа шеге қоймайтынын  айтады.

Тегтер: Экономика, Қазақстан, Қытай, доллар, мұнай

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.