Экс-министр Қуандық Бишімбаев тергеу изоляторында отыр
Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы аяусыз өлтіргені үшін 24 жылға сотталған еді
Азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін сотталған Бишімбаевтың колонияға кетпегені анықталды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы "Адырна" сайтына сілтеме жасап.
Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы аяусыз өлтіргені үшін 24 жылға сотталған еді.
Алайда экс-шендінің колонияда отырғаны туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков айтты.
"Қазіргі уақытта сотталушы Бишімбаев түрмеге әлі жабылған жоқ, тергеу изоляторында отыр. Ол қауіптілігі жоғары түзеу мекемесінде жазасын өтейді", - дейді Жәнібеков.
Комитет төрағасы Бишімбаевтың колонияға түскен соң 15 күн карантинде болатынын айтты. Одан әрі сотталушымен тәрбие жұмыстары жүргізіліп, психологтар жұмыс істемек.
Сондай-ақ, төраға Бишімбаевтың колонияла қандай жұмыс істейтініне де тоқталды.
"Жазасын өтеушілерді жұмысқа орналастырамыз. Бізде кәсіпорын саласында жұмыс істейді, ағаш, темір өңдеу бойынша жұмыс істейді. Қай жерде бос жұмыс орны бар сол жерде жұмыс істейді. Әрбір мекемеде жұмысқа орналастыру бөлімі бар, солар айналысады", - деді Жәнібеков.