Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Солтүстік Қазақстанда әкім қызметтен босатылды: мас күйде көлік жүргізген

оқиға биыл 27 қаңтар күні Көкшетауда болған

Солтүстік Қазақстанда әкім қызметтен босатылды: мас күйде көлік жүргізген
Фото:Arasha.kz

Ол көлікті мас күйде жүргізген. Тәртіптік істі оқиға болған уақыттан соң араға 5 ай салып қаралды. Экс-әкім Сәкен Сәдуақасов мас күйде рөлге отырғанын мойындады,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Есетіріңізде болса, оқиға биыл 27 қаңтар күні Көкшетауда болған. Сәкен Сәдуақасов мас күйде рөлде отырған жерінен ұсталған. Оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шыққанда шенеунік уақытша еңбекке жарамсыз екенін айтып, демалысқа шығып кетті. Мұнысын ол күйзелістің салдарынан омыртқасындағы сырқаты асқынып кетуімен түсіндірді. Сондықтан ақпан айында басталған тәртіптік іс бес айдан кейін қаралды. Сәкен Сәдуақасовты өзіне тағылған айыптардың барлығымен келісетінін айтып, кінәсін мойындады. 

“Иә, мен қателікке бой алдырдым. Бұл мені ақтамайды. Бұл жағдай Көкшетауда демалыс күні болды. Көлігімді тұрақтан әкетіп, аула қоюым керек еді. Сол кезде полиция кеп қалды. Мен бар болғаны он метрдей ғана жол жүрдім. Басқа жерге бару жоспарда жоқ еді. Бұған дейін көлікті әйелім жүргізген еді, кейін ол ата-анасына кетті. Мен өзімнің қатемді білемін, бірақ солай болып қалды”, – дейді экс-әкім.

Тәртіптік кеңеске қатысқан кеңес мүшелерінің пікірі екіге бөлінді. Олардың басым көпшілігі әкімнің қызметінен босытылуна дауыс берді. Тек Чкалов орта мектебінің директоры шенеуніктің шынымен жақсы, іскер басшы, ауыл тұрғындарының алдында беделді екенін айтып, оған араша түсті. Алайда мектеп басшысының сөзін елеп, құлақ асқандар табылмады. Әдеп жөніндегі кеңес мәселе әкімнің жұмысында емес, қоғамда өзін-өзі ұстауында екенін айтты. 

Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанова тәртіптік кеңестің ұсынысынан соң Сәкен Сәдуақасовтың бірден қызметінен босатылғанын мәлімдеді. Айтуынша, қазір ауыл әкімінің орны бос. Десе де әкімдікке сайлау жарияланып қойған көрінеді. Әкім болуға үш адам үміткер екен. Қазіргі уақытта олардың кандидатуралары тексеріліп жатыр, жақында сайлау өтеді.