«Эвтаназия жасатқан»: Жәнібектің бельгиялық анасы көз жұмды
Жәнібекті алу үшін белгісіз әйелге 12 мың доллар бергенін айтып, сұхбат берген болатын
Арқалықтағы балалар үйінен Жәнібек Савельевті асырап алған бельгиялық Валери есімді келіншек қайтыс болды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Ол Жәнібекті алу үшін белгісіз әйелге 12 мың доллар бергенін айтып, сұхбат берген болатын. Сол сәттен бастап Жәнібек биологиялық анасының дертке шалдыққаны туралы мәлімдеген. Бүгін «Бармысың бауырым» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан бельгиялық әйелдің көз жұмғанын жария етті.
«Достар, Жәнібекті асырап алған Валери анасы бұл өмірмен қош айтысты. Эвтаназия тәсілімен. 20 жылдан бері Жәнібектің анасы болған, өзі ауырса да, мейірімін Жәнібекке бере білген Валеридің мәңгілік өмірі енді басталды. 54 жас. Жәнібек берік бол…», – деп жазды Қымбат Досжан Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Қазақстанға туған анасын іздеп келген Жәнібекке қатысты іздеу жұмыстары жалғасуда. Оның туған әкесі табылып, алайда, оның өмірден өтіп кеткені айтылған еді.