Жаңалықтар

Құдай қаласа! Қытай Қазақстанға суперкомпьютер бергелі тұр

Суперкомпьютердің жалпы есептеу қуаты шамамен 2 петафлопсқа жетеді

Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан университетіне Қытай суперкомпьютер беретінін айтты,-деп хабарлайды newsroom.kz

Саясат Нұрбектің айтуынша, еліміздегі түрлі суперкомпьютерлердің қуаты белсенді түрде енгізіліп, жаңартылып келеді. Мысалы, әртүрлі салаларда күрделі есептеулер үшін пайдаланылатын ҚазҰТЗУ есептеу кластерін 2024-2026 жылдары 20 терафлопсқа дейін жаңарту жоспарда бар.

10 терафлоп өнімділігі бар PARAM BILIM суперкомпьютерін 2013 жылы Үндістан ұлттық компаниясы CDAC шығарды және 2015 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ға тапсырды. PARAM BILIM суперкомпьютері 100 терафлопсқа дейін жаңартылды. Сонымен қатар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚХР серіктестері арасында келісімшартқа қол қойылды. Оған сәйкес биылдың күзінде қуаты 2 петафлопс болатын суперкомпьютер Алматыға жеткізіледі, - деп айтты ведомство басшысы.

Оның сөзінше, елдегі барлық суперкомпьютердің  жалпы есептеу қуаты шамамен 2 петафлопсқа жетеді.