Қазақстандық блогер автобус жүргізушісімен төбелескен
Бұзақылық үшін блогерге 7 384 000 теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін
Петропавл тұрғыны әлеуметтік желіде жергілікті блогердің автобус жүргізушісімен қалай төбелескені түсірілген бейнежазба жариялады,-деп хабарлайды newsroom.kz
Қыз блогердің жол ақысын көрсетпегенін, соның салдарынан жанжал туындағанын айтты. Жүргізуші шығып, блогерге төлемді көрсету үшін айқайлаған кейін екеуінің арасында төбелес басталады.
Бұзақылық үшін блогерге 7 384 000 теңгеге дейін айыппұл салынуы немесе тіпті 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Владимир Пекарский блогер, десантшы, өзін "Орыс батыр" деп те атайды, күш жаттығуларын көпшілік алдында көрсетіп, мұз шұңқырына сүңгіп жүрген блогер. Өткен жылы ол мәслихат депутаттығына үміткер болған.