Жаңалықтар

Алматыда қоқыс сұрыптау кезінде жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Алматы полиция департаменті фактіні растады

14 шілдеде "Green Recycle" ЖШС зауытында қоқыс сұрыптау кезінде конвейер желісінде зауыт жұмысшылары қоқыс дорбасына оралған баланың денесін тапты,-деп хабарлайды newsroom.kz

Алматы полиция департаменті фактіні растады.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасының жеке басы және басқа да мән- жайлары анықталып жатыр",-деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.