Чили ауруханалары науқастарды қабылдауға қауқарсыз
Чили ауруханалары науқастарды қабылдауға қауқарсыз
Чилиде коронавирус індеті дендеп барады, деп хабарлайды Newsroom + тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Аймақтағы ауруханалар науқастарды қабылдауға қауқарсыз. Мәселен, медициналық мекемелерде бос орын жоқ.
Жедел жәрдем қызметінің көліктері сағаттап кезекте тұр. Жансақтау бөлімі де дімкәс жандарға толы. Айта кетейік, соңғы ақпаратқа сәйкес Чилиде 82 мың 300-ге жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 841 тұрғын осы кеселден көз жұмды.
Осылайша Чили науқастар саны бойынша Латын Америка елдері арасында Бразилия мен Перуден кейінгі үшінші орынға шықты. Осы категория бойынша: « АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар саны 100 мыңнан асты Түркияда 20-дан үлкен және 65 жасқа дейінгі тұрғындар ғана көшеге шыға алады »