"Сериал көрмесем тұра алмаймын"

11 Наурыз, 2020 177 0

Гүлзине есімді келіншек өз сырын ақтарды. Үй шаруасындағы келіншек күнін сериал көрумен өткізетіндігін айтты.

Ол тұрмыс құрғалы  он екі жылдан астам уақыт өтіпті. Бүгінде төрт баланың анасы. Еш жерде жұмыс істемеген. Жұмысқа шығуға өзі де құлықсыз. Балдарының екеуі мектепте болса, екеуі бала- бақшада. Бірі келіп, кетіп жатады. Олардың тамақ- шайы, киім-кешегі, одан қала берді, ата-енесімен бірге тұрады.

"Мен де бос уақыттың өзі жоқ. Қолым босап тынығып алатын болсам, телеарнаны қосып, түрік сериалдарын көремін. Күнделікті күйбең тірліктен осылай демаламын, шыны керек. Бір сәтке солардың әдемі киімі мен сымбатты тұлғаларына қарап демаламын. Қазір интернет деген жақсы болдығой, көре алмай қалған серияларын, түнде телефонмен көремін"-дейді Гүлзине.

Кейде қол байлайтыны рас. Кешкі тамақ істеуге үлгермей, не қазанның астындағы отты өшіруді ұмытып кететін кездер де болатынын жасырмады. Енесі де бұрынғының адамы сөйлейтіні бар. Оны құлағы шалған отағасымен де сөзге келіп қалатынын айтты.

Қазіргінің тәуелділіктің бір түріне айналған шетелдік ұзын сонар сериалдар екені жасырын емес. Сағаттап болатын, жылдар бойы сағызша созылатын сериалдар телеарналардың рейтингін көтеріп отырғаны ғой.

Тегтер: сериал, қазақ, келіншек, өсек, жаңалықтар, қазақстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.