Оралда 5 жасар бүлдіршін төртінші қабаттан құлады
Оқыс оқиға 15 шілде күні «Астана» шағынауданында орын алды
Орал қаласында 5 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәліметінше, оқиға 15 шілде күні «Астана» шағынауданында болды,-деп хабарлайды newsroom.kz
«Сағат 12.52-де 20-үйден биіктіктен құлау дерегі бойынша шақырту түскен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы 4-қабаттан құлаған 5 жасар баланы шұғыл түрде жақын маңдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізді. Қазіргі кезде бала жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр. Дәрігерлер медициналық тексеруден өткізіп жатыр», - деп жеткізді БҚО деенсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.