Жаңалықтар

Джон Кеннедиді кім өлтірді

АҚШ-тың 35 президенті Джон Кеннеди кісі қолынан қаза тапқаны баршаға мәлім. Тарих бетінде терең орны бар бұл оқиға көпті қызықтырары сөзсіз,-деп хабарлайды newsroom.kz

1963 жылы 22 қарашада Даллас аймағына сайлау мәселесі бойынша сапар шеккен Кеннедидің өліміне кім кінәлі екені әлі күнге белгісіз. 

Кеннедиді қастандықпен өлтіргені екі бастан белгілі. 

Айта кетелік, ол сол күні Даллас аймағына вице-президент Линдан Джонсонмен бірге келеді.  Белгіленген аумаққа жеткен Кеннеди әйелі  Жаклин Кеннеди және күзет жөнінде құпия қызмет агенттігімен бірге қалаға беттеген. 

Қайғылы оқиға Эльм-Стрит пен Хьюстон Стрит көшелерінің қиылысында орын алған. Тосыннан атылған оқ куәлердің айтуынша президенттің арқасына және мойнына тиген. Оқ бірнеше рет атылған, соңғысы  Кеннедидің оң жақ шекесіне тиген. Басшының оққағарлары оны қорғап үлгере алмаған. 

Президент оқиға орын алған соң 5 минут ішінде  Паркленд ауруханасына жеткізіледі. Алайда, дәрігерлердің қанша арпалысқанына қарамастан, жан тәсілім еткен. Кеннеди "Арлингтон" ұлттық зиратына жерленді.

Күдікті анықталған. Эльм-Стрит пен Хьюстон Стрит көшелерінің қиылысында  кітаптар қоймасының алтыншы қабатынан оқ атты,-деген күдікпен Харви Освальд тұтқындалады. Алайда іс дәлелденбеді. Себебі күдіктіні түрмеге жөнелтіп жатқанда , Далластағы түнгі клубтардың бірінің иесі Джек Руби оны қастандықпен өлтірген.Руби өзінің бұл ісін президент үшін және барлық халық үшін кек алу,-деп ақталған. Осылайша, тергеу процессі аяғына дейін жетпей, құпия ашылмайды. 

Айта кетелік, президент Кеннеди де, оны өлтірді деп айыпталған Освальд та, Освальдті өлтірген Джек Руби де Паркленд ауруханасында қайтыс болған.

     
                                              Перизат Жайырбек