Жаңалықтар

Еліміздің ірі қалаларында бүгін күн жаңбырлы болады

Астана, Алматы мен Шымкенте 15 шілде күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,-деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 31 градусқа дейін көтеріліп, түнде 19 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,0 м/с болмақ. Астанада болжамынша, өткінші жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 31 градусқа дейін жетіп, түнде 17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,9 м/с болады. Шымкентте бүгін аспанды ақша бұлт торлайды. Күндіз термометр бағаны 33 градусқа дейін жетіп, түнде 24 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 8,0 м/с деңгейінде болмақ.