Жаңалықтар

Алматыда монша өртеніп, тілсіз жау жеке үйді де шарпыған

ТЖМ күштерімен өрт 19 минут ішінде толығымен жойылды

Алматы қаласында монша өртеніп, жалын жеке үйді де шарпығаны анықталды.Алматы өрт сөндірушілері өртті жойды,-деп хабарлайды newsroom.kz

«Бүгін Бостандық ауданында 150 шаршы метр алаңда монша өртеніп, өрт жеке тұрғын үйге таралған.

ТЖМ күштерімен өрт 19 минут ішінде толығымен жойылды», — деп жазды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.