Жаңалықтар

Қылмыскер емші Ұлықбек Сманов әнші болып шықты

Өзін әулие атайтын емші ақыл есі кем адамдардың қатарын толықтырды

Әлеуметтік желіде аталмыш қылмыскер емшінің ән айтқан бейнежазбасы таралды. Бейнежазбада ол "Жан әке" әнін орындаған. Емдік шарасы бөлек емші адамдарды қазақ әндерінің мақамына салып емдеген,-деп хабарлайды newsroom.kz

Ер адамдардың бірі тәуіптің белінен ұстап ырғала билесе, әйелдер тобы эстрада әншісі Ақбота Керімбекованың хит әні «Аппақ гүлдерді» орындап, бір орында теңселіп тұр.

Тағы бір бейнежазбада Ұлықбек Сманов кәсіби әншілердей клип түсірген. «Балам әнім» деген әсем әнді шырқайды.

"Мынау өтірік емшінің өзі ма, ешқандайда ауытқу жоқ басында", "Жоспарды мықтап құрған адам ғой мынау","Өтірік бала жақсы көріп клип түсіреді, одан халық емдейтін емші әбден сенімге кірген соң бала асырап алып", "Емші емес әнші екен ғой", "Бала асырап алу үшін клип түсірген бе"-дейді көпшілік.

Айта кетелік, бұған дейін Ұлықбек Сманов 6 баланы асырап алып,азаптағаны жөнінде жариялаған болатынбыз.Өзін әулие атайтын емші бұрын істі болған. Тіпті ақыл есі кем адамдардың қатарын толықтырған.