Жаңалықтар

Құл сияқты жұмсады: Өзге елде отандасқа қызмет еткен қазақстандықтың шындығы

Желіде Ұлыбританияға жұмысқа кетіп,бақуатты отандысымыздың қол астында құлдық еңбек жағайына наразы болған қазақстандықтардың жазбалары пайда болды.Олар ауыл шаруашылығы жұмысына қарағанда, отандастың үйінде қызмет етіп, табыс табуды жөн көрген,-деп хабарлайды newsroom.kz 

Koza4kov Telegram арнасының мәліметінше, Ұлыбританияға жұмысқа барғандарға алғашында керемет ұсыныс келген. Лондонда тұратын қазақстандық келісімшартсыз жұмысқа жалдайтынын айтқан. Оларға үй шаруасымен айналысуды ұынған.

“Англияға ақша табуға кеткен қазақстандықтардың өз чаты бар, онда олар өзекті мәселелерді талқылап, бір-біріне көмектеседі. Чатта сол Лондондағы отбасының қолында болған әйелдердің шағымы пайда болды. Олар мұнда жұмыстың өте көп болғанын және ол үшін аз төленгенін жазған”, – делінген жазбада. 

Басылым жұмыс берушінің аты Илона Чимбулатова екенін де жазып көрсеткен. Әйел Алматыда тіркелген.

“Таң атқаннан таңғы ас дайындап балаларды мектепке жібересің. Сосын қожайынның берген тапсырмаларын жасап үйге тазалық жұмыстарын жүргізесің. Дәретхана мен едендерді жуасың. Күніне 5 рет ыдыс жуасың, тамақ дайындайсың. Кірлерді жуып, жақсылап жайасың. Осылай түнгі 1-ге дейін еш демалмастан жұмыс істедім. Үзіліс деген жоқ. Диванға сәл отырсаң “ағаш орындыққа отыр бүлдіресің” дейді. Түнде дәліз бен ас үдің ортасында үрмелі матрасқа 5 сағат уақыт қана ұйықтайтынмын. Ол жер лас болғандықтан үнемі жинап жатамын. Ал күндіз тіптен көз ілетін шама болмайды.Тек өздерінен қалған 4 күннен бері тұрған тамақпен қоректендірді. Оның үстіне келіскен ақшаны емес, аз жалақы төледі. Онымен қоймай үнемі жұмысыма көңілі толмай, айғайлап жүретін. Құл сияқты жұмсады”, – деп жазды қазақстандық.

Тағы бір осы үйде жұмыс істеген қазақстандықтың айтуынша мұнда алғашында жұмыстың кешкі сегізге дейін екенін айтқан. 

“Мені Вика қожайынның әпкесі жалдады. Ол екінші қабатта тұратын. Алайда Илона тексеріп тапсырма берді. Олар тамақ қалдықтарын төкпейтін. Қапқа салып тоңазытқышқа салатын. Кейін жұмысшыларға береді”, – деді қазақстандық.

Деректерге сүйенсек, Лондонда тұратын бұл бақуатты адам кей қызметкерлерге ақысын төлемеген.