Шоубиз

Қойшы бала: Азғыртушылардың сөзіне ердім

Үйренерім алда екенін біліп, қайта баруға ұялдым

Халық арасында "Қойшы бала" лақап атымен танылған Айдос Каден өнер жолы және ұстазы отандық әнші Жігер Ауыпбаевты  ренжіткені жайында "Menin omirim" YouTube жобасында айтты,-деп хабарлайды newsroom.kz

Жас өнерпаздың айтуынша,кейбір кісілердің сөзіне еріп, қызбалыққа салынып әншіні  ренжіткенін жасырмады.

-"Жігер ағадан кетіп қалғаннан кейін,өзім 3 айдай жүрдім.Мен үшін бәрін Жігер аға істеп жүретін.Мен бірақ білген жоқпын, толық түсінбегенімді.Әрі үйренерім алда екенін біліп, қайта баруға ұялдым"-деді ол.

Айта кетелік, жас әнші қазіргі уақытта, жаңа продюсермен жұмыс жасауда.

Аталмыш сұхбатқа пікір қалдырушылар жетерлік.

 "Қойшы бала сенікі дұрыс болмады", "Киелі сахнаға шығарған Жігер екенін ұмытпа","Жігердің орны бөлек",Жігерден неге кешірім сұрап бармадың",-деп пікір қалдырды көпшілік.