Жаңалықтар

Ұлттық киноны қолдау орталығының басшысы тергеуге алынды

Ұлттық киноны қолдау орталығының басшысы тергеуге алынды

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысы тергеуге алынды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды Newsroom + тілшісі ҚазАқпарат сілтеме жасап.  width= «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызмет) актілеріне қол қоюға көмектескені үшін аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша, сондай-ақ жалпы қамқорлығы пен салғырттығы үшін «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», - деді ол агенттік алаңында өткен онлайн брифинг барысында. Атап өтуінше, күдікті кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. «Тергеу мүдделері үшін басқа ақпарат жария етуге жатпайды», - деді Данияр Биғайдаров. Осы категория бойынша: « ШҚО-да үш ірі өрт ошағы сөндірілді Қостанайда ТКШ бөлімінің экс-басшысы сот залында қамауға алынды »