Шоубиз

Айгүл Иманбаева: Бала кезімде өте бұзық болдым

Бала кезімде өте бұзық болдым,бірақ мектепті 5-ке оқитынмын

Танымал әнші Айгүл Иманбаева өзінің Инстаграм желісінде бала күнінде қандай болғанын көпшілікке айтып берді,-деп хабарлайды newsroom.kz

- "Бала кезімде өте бұзық болдым,бірақ мектепті 5-ке оқитынмын. Лидермін және өз айтқанымнан қайтпаймын. Бой түзеп,өтпелі кезеңге келген кезде, анам менің өзін-өзі бағалауымды көтеріп отыратын. Былай айтқанда, мен комплекссіз өстім десем, болады.

Анам ұрысадығой,мен сабанның үстіне жатып алатынмын. Өзі келіп кешірім сұрамайынша мен өз басым үйге кірмейтінімін. Бірақ сол мінез мені лидерге айналдырды. Ойлап кетсем, сондай бір мінезді көтеріп, ол қызды бағып, көшке қосу оңай шаруа болмаған сияқты анама,-дейді әнші.