Жаңалықтар

Алматылық полицейлер қала тұрғындарына үндеу жариялады

Полицейлер кептеліс болмауы үшін жүргізушілерден бағытын алдын ала ретке келтіруді сұрады

Тәртіп сақшылары Алматыда 11-12 шілдеде жол қозғалысы ішінара шектелетінін ескертті,-деп хабарлайды newsroom.kz Алматы қалалық полиция департаментіне  сілтеме жасап.

"Алматы қалалық полиция департаменті 2024 жылғы 11-12 шілдеде Үкіметаралық комиссияның жұмыс істеу мерзіміне орай жол қозғалысына ішінара шектеу қойылатыны туралы хабарлайды", - делінген полиция хабарламасында.

Полицейлер азаматтарды уақытша шараларға түсіністікпен қарауға шақырып, кептеліс болмауы үшін жүргізушілерден бағытын алдын ала ретке келтіруді сұрады.