10 шілде – Ветеринария қызметкерлері күні
Комитет 17 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада аумақтық инспекцияларды қамтиды
Елімізде биылдан бастап 10 шілде ресми «Ветеринария қызметкерлері күні» болып бекітілді.Жаңа мереке жануарлардың денсаулығы мен жануарлардан алынатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосатын ветеринарлық мамандардың еңбегінің маңыздылығын атап өтуге арналған,- деп хабарлайды newsroom.kz
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті осы саладағы қызметті реттейтін және бақылайтын негізгі органға айналды.
Қазақстанның ветеринариялық қызметі АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінен, өңірлік және аудандық инспекциялардан, республикалық эпизоотияға қарсы жасақтан, республикалық ветеринариялық зертханадан, Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықтан, сондай-ақ облыстық ветеринария басқармаларынан, ветеринариялық станциялар мен пунктерден тұратын жергілікті атқарушы органдардан тұрады.
Комитет 17 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада аумақтық инспекцияларды, сондай-ақ 203 аудандық ветеринариялық станцияларды, 2 334 ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттерді қамтиды. Бұл ауылдық округтерден бастап республикалық деңгейге дейін барлық деңгейде бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.