weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мемлекет басшысы жаңа қызметке тағайындалған Нұрлан Ноғаевты қабылдады

Президент бауырлас Түрікменстанмен достық байланыстарын нығайтудың маңыздылығын атап өтті

Мемлекет басшысы жаңа қызметке тағайындалған Нұрлан Ноғаевты қабылдады
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Түрікменстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Нұрлан Ноғаевты қабылдады,- деп хабарлайды newsroom.kz Ақорданың Telegram арнасына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас Түрікменстанмен достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік байланыстарын одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Президент екіжақты ықпалдастықты, оның ішінде энергетика, көлік-транзит, сауда және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде Нұрлан Ноғаевқа бірқатар міндет жүктеді. Мемлекет басшысы алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздердің мазмұнды әрі сапалы болуына баса назар аударуды тапсырды.

Еске сала кетсек, 20 мамырда Нұрлан Ноғаев Қазақстанның Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалған болатын.

Ал оған дейін Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→