Ұлттық Банк Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған коллекциялық монеталарды айналысқа шығарады
Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан QANYSH SÁTBAEV. 125 JYL коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады,-деп хабарлайды newsroom.kz
Қаныш Сәтбаев геолог-ғалым, ғылым және қоғам қайраткері, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті.
Номиналы 2 000 теңгелік монетада марганец рудасының, минералдың түсін білдіретін күрең қызыл түске ие тантал сақинасы бар. Бұл ірі кен орнын Қ. Сәтбаев Жезді ауылының маңында тауып, игерген. Марганец Ұлы Отан соғысы кезінде броньды техникаға арналған болат қорытпалары өндірісінде кеңінен қолданылып, КСРО-ға марганец кенінің 70%-дан астамын беріп отырған.
Монеталар:
биколорлы (дискісі – 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 34 грамм, сақинасы танталдан, массасы 40 грамм), монетаның массасы 74 грамм, диаметрі – 50 мм, сапасы proof, номиналы – 2 000 теңгелік,таралымы – 300 (үш жүз) дана.
мельхиор қоспасынан (МН 25) дайындалған монетаның массасы мм, сапасы 15 грамм, диаметрі – 33 brilliant uncirculated, номиналы 200 теңгелік, таралымы – 5000 (бес мың) дана.
Монеталардың барлық түрі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің кез келген түрінде қабылдануға, елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.
Биколорлы монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ нөмірлі сапа сертификаттары бар кәдесый орамында шығарылады. Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар блистерлік ормада шығарылады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Монеталардың сатуға қашан шығарылатыны туралы ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша орналастырылады.