Шоубиз

Жазира Байырбекова мәһр сұрайтын қыздарға қатысты пікір білдірді

Өзім күйеуімнен ештеңе сұрап көрмеген соң көзім үйренбеген бе, білмеймін

Отандық эстрада жұлдызы мәһр сұрайтын қыздарға қатысты ойын жеткізді. Ол жолдасы әйеліне сыйлықты өз еркімен сыйлауы керек деген пікірде,-деп хабарлайды newsroom.kz 

Танымал әнші бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Мәһр" сұраған сіздерше дұрыс көріне ме? Жігіт мәжбүрлемей, сыйлықты өз қалауымен алып берсе әдемі емес пе?. Өзім күйеуімнен ештеңе сұрап көрмеген соң көзім үйренбеген бе, білмеймін. Оның үстіне "ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі" деген сөз бар еді.

Ортаға молданы салып, дүние сұрау біздің салт-дәстүрімізде болған ба? Мәһр сұрағандар мен сұрамағандардың отбасына әсері, айырмашылығы қандай, жазыңыздаршы?! Біле жүрейік",- деді әнші.