Дзюдодан Еуропа чемпионатының өтетін уақыты белгілі болды

Дзюдодан Еуропа чемпионатының өтетін уақыты белгілі болды

ашық дереккөзі

  ҚР ҰОК Дзюдодан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының өтетін уақыты белгіленді, деп хабарлайды Olympic.kz.  width=     Аталған құрлықтық дода Олимпиада ойындарына ұпай берілетін жарыс болып қала береді. Еуропа біріншілігі Чехия астанасы Прага қаласында 8-10 қараша өтеді деп жоспарлануда. Дзюдодан Еуропа чемпионатының 2020 жылға ұсынылған жаңа күндері расталды, бұл шара Токио-2020 біліктілік процесінің бөлігі болып қала бермек. Енді жарыс Прагада 8 мен 10 қараша аралығында Чехияның астанасы O2 Arena-да өтеді деп жоспарланған. Коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы Токио Олимпиадасы 2021 жылға ауыстырылды. Осыған орай мамыр айында өтеді деп жоспарланған Еуропа чемпионаты қараша айына қалдырылған. Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/398893-dzyudodan-europa-chempionatyny-tetin-ua-yty-belgili-boldy Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Жүктелуде...