Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде жанжал шықты
Арасында жарақат алғаны да бар екен
Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде қонақтар арасында жанжал шыққан. Салдарынан бірнеше ер адам жарақат алып, ауруханаға түсті,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бұл факт бойынша сотқа дейінгі қылмыстық тергеу басталды. Қылмысқа қатысы бар адамдар анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді", – деп хабарлайды Полиция департаменті өкілдері.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бес адам зардап шеккен. Ең үлкені – 39 жаста, қалғаны 28 бен 31 жас аралығында. Үш ер адам пышақ жарақатын алған, біреуінде жабық бас-ми жарақатын алып, комаға түскен. Бір ер адам медициналық тексеруден бас тартты.