Шоубиз

Алмас Кішкенбаев: «Анамның айтқан кеңесі әрдайым жүрегімде қалады»

Әнші марқұм болған анасы жайлы сыр шертті

Әнші Алмас Кішкенбаев марқұм анасын еске алды,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы  Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Көп сөйлей берген жоқ, соңғы уақыттарында. Айтқан бір кеңесі бар, оны енді мен көпшілікке айтпай-ақ қояйын. Айтқан бір кеңесі бар, ол менің жүрегімде әрдайым болады. Сонымен Алматыға келгеннен кейін бір айдан кейін ғой деймін, қайтты. Ауырғаны да бар. Бірнеше микроинсульт ала берген. Жатып, сол микроинсульт ала берген. Содан мүлдем жатып қалды. Адамдарды таниды. Соңына дейін асын ішіп, немерелерінің қолында, сөйтіп өмір сүрді ғой",-деді ол журналист Анна Данченкоға берген  сұхбатында.

Әнші сонымен бірге анасы айналасындағылармен тегіс қазақша сөйлескенде, тек өзімен ғана орысша сөйлесіп өткенін айтты.

"Естеліктер өте көп, осы күні кеше ғана менің туған әпкем Алматыға келіп кеткен болатын. Біраз нәрсені есімізге алып, әңгіме қылып, қызықтап, біраз күліп те алған болатынбыз. Анам өзі негізі орыс мектебінде оқыған, орысша көп сөйлейтін адам болған. Әкеміз мүлдем орысша білмейтін болған. Екеуі солай қосылған. Анам барлығымен қайтқанға дейін тек қазақша сөйлесетін, менімен орысша сөйлесетін. "Ну как дела у тебя?" деп тұратын. Өте балажанды болатын. Әкем Бесарықта туып өскен. Сол жақта әлі күнге дейін Кішкенбаевтар бар",-деді әнші.