Жаңалықтар

Шетелдіктер Қазақстан азаматтығын алу үшін 100 сұрақтан тұратын тест тапсырады

Тестілеуге барлығы 2 сағат 10 минут уақыт беріледі

Ғылым және жоғары білім министрлігі емтихан тапсырудың ережелерін әзірледі,-деп хабарлайды newsroom.kz 

Құжат қоғам талқысына шығарылды. Жаңашылдыққа сай, сынақтан сүрінбей өту үшін кемінде 60 ұпай жинау қажет. Емтиханда қазақ тілінен тыңдалым бойынша 20, оқылым бойынша 40 сұрақ қойылады. 

Cондай-ақ ел азаматы болғысы келетіндердің Конституция негіздері мен Қазақстан тарихы бойынша да білімдері бағаланады. Тестілеуге барлығы 2 сағат 10 минут уақыт беріледі.

Мына тұлғалар сынақтан босатылады:

кәмелетке толмағандар;

әрекетке қабілетсіз тұлғалар;

Қазақстанға сіңірген ерекше еңбегі немесе қажетті кәсібі бар тұлғалар;

этникалық қазақтар;

халықаралық шарттар бойынша азаматтықты жеңілдетілген алу құқығы бар адамдар.

Тестілеуге өтінімдер белгілі бір кезеңдерде қабылданады:

10 қаңтардан 20 қаңтарға дейін;

10 сәуірден 20 сәуірге дейін;

10 шілдеден 20 шілдеге дейін;

10-20 қазан аралығында.