Жаңалықтар

Еліміздің үш ірі қаласында бүгін ауа райы қандай болмақ

Астана, Алматы мен Шымкенте 6 шілде күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын жария етті,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы OpenWeather сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 28 градусқа дейін көтеріліп, түнде 17 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,9 м/с болмақ.

Астанада жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін жетіп, түнде 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,2 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 34 градусқа дейін жетіп, түнде 21 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,5 м/с деңгейінде болмақ.