Жаңалықтар

Астанада халық саны 1,5 млн адамға жуықтады

2024 жылғы 1 маусымда халық саны 1 464 415 адамға жетті

Елорда күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы мегаполис халқының саны, астаналықтардың өмір сүру ұзақтығы және қаладағы ерлер мен әйелдердің саны туралы мәліметтерді жариялады,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

Бюро мәліметіне сүйенсек, 2024 жылғы 1 маусымда халық саны 1 464 415 адамға жетті, елордада 696 234 ер адам, 768 181 әйел тұрады.

"2023 жылы Астанада өмір сүру ұзақтығы жалпы алғанда – 78,09 жас, ерлер үшін орташа 74,23 жас болса, әйелдердікі – 81,28 жас.

2023 жылы алғаш рет некеге тұрған ерлер мен әйелдердің орташа жасы: ерлер – 28,2 жас, әйелдер – 26,4 жас", - делінген мәліметте.

Мамандар 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы туу коэффициенті 1000 адамға 19,50 болғанын мәлім етті.

Сонымен қатар елордада 100 жастан асқан 21 адам тұрады, оның ішінде 15 әйел мен 6 ер адам тіркелген.