Милад Карими Франциядағы халықаралық турнирде топ жарды
Ол көпсайыста 83.750 ұпай жинаған
Францияның Труа қаласында алты мемлекет спортшыларының қатысуымен спорттық гимнастикадан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Олимпиада қарсаңында өткен турнирге Франция, Ұлыбритания, Италия, Германия, Швейцария және Қазақстан командалары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық Милад Карими жеңімпаз атанды. Ол көпсайыста 83.750 ұпай жинаған. Карими ең көп ұпайды еркін жаттығудан алды - 15.000.