БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Алматыға ұшып келді
Бас хатшы және оның делегациясы Қазақстанда жұмыс істейтін қызметкерлерімен кездесті
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға ұшып келді,-деп хабарлайды newsroom.kz Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.
Бас хатшыны сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров және БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори жылы қарсы алды.
Бас хатшы Антониу Гутерриш және оның делегациясы Алматыдағы БҰҰ Плазасына барып, БҰҰ-ның Қазақстанда жұмыс істейтін қызметкерлерімен кездесті. БҰҰ-ның Қазақстандағы ұжымы БҰҰ тұрақты даму мақсаттары бойынша тұрақты үйлестірушісінің жетекшілігімен 28 агенттік, қор және бағдарламалардан тұрады.
Елдегі және аймақтағы операцияларды жеңілдету үшін БҰҰ екі қалада: Астана мен Алматыда орналасқан. Бүгінгі таңда Қазақстандағы БҰҰ жүйесінде 494 қызметкер бар, оның ішінде 427 ұлттық және 67 халықаралық қызметкерлер. БҰҰ Елдік тобымен кездесу барысында Бас хатшы БҰҰ-ның Қазақстандағы ұлттық реформаларды және кеңірек өңірлік даму мақсаттарын қолдауға бейілділігін атап өтті.